Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

?Бүгін аудан әкімдігінде мал өсіруші шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесу өтті. Оған аудан әкімі Берік Тынышбаев, аудан прокуроры Дастан Тұрсынов, және аймақ­тағы мал шаруашылығы саласы­на жауапты тұлға­лар мен ветеринария саласының мамандары, орман шаруашылығы қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, мал өсіруші шаруалар қатысты.

✅Біздің өңір үшін мал шаруа­шылығы саласының маңызы өте зор. Себебі, біздің аудандағы мал саны облыс бойынша алдыңғы қатарда және тоғыз жолдың торабындағы өңір болған соң мал тасымалы көп жүргізіледі. Сондықтан кезде­су­дің басты мақсаты – аталған салалардағы өзекті мәселелерді ашық талқылап, шешу жолдарын қарастыру, – деді аудан басшысы.

✅Жиында төрт түлік малдың уақытында егілуі, қан алу жұмыстар және маусымдық жайылымға көшуді уақытында дұрыс ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.