Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

12.02.2026 жылы Талдықорған қаласында «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ аумағында туристік инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі өкілдерімен кеңес өтті.
Кеңес барысында ұлттық парк өкілдері - ғылым жөніндегі бас директордың орынбасары Т. Қасымханова және рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы М. Сулейменова «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ аумағында туристік-рекреациялық қызмет үшін жер учаскелерін пайдалануға беру қағидаларын түсіндіріп, туристік маршруттар бойындағы қолжетімді жер учаскелерімен таныстырды.
Кәсіпкерлер тарапынан ұлттық парк аумағындағы инвестициялық мүмкіндіктерге қатысты сұрақтар қойылып, туристік инфрақұрылымды дамытуға байланысты өзекті мәселелер талқыланды.