«Жоңғар Алатауы МҰТП» РММ қызметкеріміз Радист лауазымында қызмет атқарып жүрген Омарова Галина Ертысқызы зейнеткерлікке шықты.
Мінезі де ашық жарқын, адамды бірден өзіне тарта алатын және өзінің мамандығына өте мықты жан десекте артық емес.
Ол Алматы қаласындағы техникалық училищені бітіріп, электромонтер станция жабдықтау телеграф байланысы мамандығын оқып шыққан. 2014 жылы «Жоңғар Алатауы МҰТП» РММ радист лауазымына жұмысқа қабылданып, қазіргі уақытқа дейін осы лауазымда жұмыс атқарып келеді.
Құрметті Галина Ертысқызы!
Сізді құрмет демалысына шығуыңызбен құттықтаймыз!
Сізге зор денсаулық, мол табыс, отбасыңызға құт-береке тілейміз!
Ізгі ниетпен “Жоңғар Алатауы МҰТП” ұжымы.