Құрметті Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымы! @bayangnpp
Сіздерді 40 жылдық мерейлі тойларыңызбен құттықтаймыз!
Орман – еліміздің баға жетпес байлығы, халықтың дәулеті, теңдесі жоқ экономикалық және экологиялық қоры.
“Атадан мал қалғанша, тал қалсын”дейді даналарымыз. Еліміздің табиғатын сауықтыру, орманды сақтау, қорғау мен молықтыру, қиындығы мен қызығы қатар жүрген еңбектеріңізге толайым табыс, шаңырақтарыңызға шаттық, мықты денсаулық, жаңа жетістіктер тілейміз!
Ізгі тілекпен, “Жоңғар - Алатауы МҰТП” ұжымы.