?️?«Жоңғар -Алатауы МҰТП» Рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің экологиялық ағарту инженерлері Шатырбаева А, Степанова Ю., Ғылым бөлімінің аға ғылыми қызметкері Муханов Н. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 6- сынып оқушыларымен «Құстарға қамқор болайық» атты ашық сабақ өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға құстар туралы слайд көрсетіліп, викториналық сұрақтар қойылып, сөзжұмбақтар жасырылды. Табиғаттағы көрікті тіршілік иелері, адамдардың достары-құстар. Алайда, құс табиғатқа тек көрініс беріп қана қоймайды. Құстар көркімен де, әсем әуенімен де сымбатты. Іс-шара соңында оқушылармен бірге мектеп ауласына 5 ұя жәшіктерін орнатты.
@sarkand_school_altynsarin_kz1