Жаңа жыл қарсаңында қылқанжапырақты ормандарды қорғау мақсатында 2025 жылғы 24 қарашадағы №198 н/қ «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ бас директорының бұйрығы негізінде парк аумағында қылқанжапырақты ормандарды қорғау бойынша бірқатар қорғау шаралары күшейтілуде. Сарқан филиалының орман алқаптарына апаратын негізгі жолдарда бекеттер орнатылып, кезекшілік ұйымдастырылды. Табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында құқық қорғау органдарымен және шекара қызметкерлерімен бірлесіп тұрақты негізде патрульдеу жүргізетін мобильді топтар құрылды. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 381-1-бабына сәйкес қылқан жапырақты жас ағаштарды заңсыз кескені үшін әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылатынына назар аударамыз: - жеке тұлғаларға 100 АЕК; - лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе - коммерциялық емес ұйымдар 300 АЕК; - орта кәсіпкерлік субъектілеріне 400 АЕК; - ірі кәсіпкерлік субъектілеріне заңсыз кесілген ағаштар мен бұталарды, көлік құралдарын және аталған бұзушылықтарды жасау құралы болып табылған бұзушының өзге де заттарын тәркілей отырып, 1000 АЕК. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық Кодексінің 340-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Жаңа жылдық шыршаларды заңсыз кесу фактісі анықталған жағдайда, «Жоңғар Алатауы МҰТП» РММ Сарқан филиалы (8728395-40-34) 87075818484 87007730300 немесе 102 (құқық қорғау органдары) телефондары арқылы хабарлауды сұрайды. Сарқан филиалы