1. «Парктер шеруі-2025» табиғатты қорғау акциясы аясында «Туған өлкем» атты сурет байқауы (Сарқан қаласы мен Сарқан ауданының мектептері арасында өткізіледі.
2. Конкурсқа қатысуға 11-15 жас аралығындағы балалар, әр мектептен 3 оқушыдан қатыса алады. Сурет байқауы Сарқан орман тұқымбағында ашық форматта өткізіледі.
3.Конкурсқа қатысуға өтінімді электрондық почтасына
4. Байқау 2025 жылдың 20 мамырында өтеді. Өтетін орны: «Сарқан орман тұқымбағы».
5.Сурет байқауына қазылар алқасы сайланып, барлық қатысушылардың суреттері ереже бойынша бағаланады.
Байқауға қатысу шарттары :
1. Байқауға әр мектептен аталған жас тобына сәйкес 3 баладан қатыса алады.
2. Байқау ашық форматта өткізіледі.
3. Қатысушылар А3 форматында сурет салады. Байқауға келген оқушы өзімен бірге А3 форматындағы парақ, мольберт, гуашь пен қылқалам, түрлі-түсті қарындаш алып келуі қажет.
I, II, III орын алған қатысушылар дипломдармен, кәдесыйлармен марапатталады.
Жиналу орны: «Жоңғар-Алатау МҰТП» бас ғимараты, Сарқан қ., И.Венедиктов көшесі (Арычная) №74
☎️Байланыс телефоны 8 (728) 3921923, ұялы: 87784236440, 87066362483
Рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімі.