?️"Жоңғар-Алатауы "МҰТП Лепсі филиалының "Лепсі орман тұқымбағы" туристік маршрутының аумағында Лепсі орта мектебінің 6 сынып оқушыларымен "Халықаралық құстар күніне" орай экскурсия ұйымдастырылып, ағаштарға ұя жәшіктері орнатылды. Рекреация және туризм инженері Варлаков Раджив құстарды, олардың мекендейтін ортасын сақтаудың маңыздылығы және бұл ретте әрқайсымыз қалай көмектесе алатынымыз туралы айтты, сонымен қатар құстарға қамқорлық жасау ғана емес, олардың мекендейтін орындарында тазалық пен тәртіпті сақтау қажет екенін атап өтті.
✍️Лепсі филиалы