Жетісу облысы 2025 жылғы 23-25 сәуір аралығында Алматы қаласында өтетін KITF-2025 халықаралық туристік көрмесіне қатысады.
Бұл – мемлекеттер мен өңірлердің туристік әлеуетін таныстыратын ең ірі алаң.
«Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығы серіктестерімен бірге Жетісу өңірінің туристік әлеуетін таныстырады:
Ұлттық парктер:
«Жоңғар-Алатау» (@zhongar_alatau_kz ) және «Алтын-Емел» (@altynemel_np);
Курорттық-рекреациялық аймақтар және сауықтыру туризмі:
@grandville.kz демалыс базасы, @balkhash_lepsy және @yahta_balhash демалыс базалары, @california_rudnichny_koksu, @zharkentarasan;
Белсенді және оқиғалы туризм:
@tau_zhetysu, @raft_tdk, @lepsinsk.pro, @burkhanbulak.nomads;
Шекара маңы және шопинг-туризм:
@mcps_khorgos.
Сіздерді KITF-2025 халықаралық көрмесінде Жетісу облысының стендіне келіп, өңірдің бай табиғатын ашуға шақырамыз!