Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Бүгін ұлттық парктің қызметкерлері «Жетісу» өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қызылжар шайқасының 327 жылдығы аясында «Felt book-2025» облыстық кітап көрме-фестиваліне қатысты. Іс-шара аясында орталық 2025 жылы дайындаған кітаптардың тұсаукесері өтті.

«Жетісу» өлкетанушылар орталығының директоры Қ.Андас ұлттық парктің ғылыми кітапхана қорына кітаптар сыйға тартып, 2026-2030 жылдарға арналған «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің табиғатты қорғау жүйесіндегі археологиялық, тарихи, киелі саналатын петроглифтер, қорғандар және қасиетті жерлерді кешенді зерттеу» тақырыбының бағдарламасына қол қойылды.