Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

09.09.2025 жылы сағат 10:25-те Сарқан ауданы, Екіаша ауылының маңындағы «Қаралы көпір» учаскесінде құрғақ шөптің жанғаны туралы Сарқан қ. ПЧ-12 өрт сөндіру бөлімшесіне хабарлама түсті.

Оқиға орнына Сарқан қ. ПЧ-12 өрт бөлімшесінен 6 адам, 1 арнайы жабдықталған техника, Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парктің Сарқан филиалының орман өрт сөндіру станциясынан 8 адам және 2 арнайы жабдықталған техника, Екіаша ауылдық округінің әкімдігінен 4 адам, 1 техника; сондай-ақ Ерікті өрт сөндіру құрылымынан 10 адам, 2 техника жұмылдырылды.

Оқиға орнына жеткенде көрсетілген мекенжайда құрғақ шөптің жануы анықталды. Ұлттық парктің шекаралас аумағында өрт сағ.17:00-де аумағы 15 гектарда толық сөндірілді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Ұлттық парктің орман қоры аумағына қауіпі жоқ./