Оның шығармашылығы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына негіз болды, ал философиялық идеялары халықтың рухани дамуына терең әсер етті.
Абай өлеңдерінің бір алуаны - табиғат лирикасы. Ақын жылдың қай мезгілін суреттесе де, ең алдымен оның шындық бейнесін береді. Абай табиғатты адам өмірімен нық байланыстыра білді.
Абай өлеңдерінде терең философиялық ойлары, табиғатқа, таным, ақыл жайлы толғаныстары көрініс тапқан.
Ұлы Абай атамыздың рухы асқақтап, сөзі мен өсиеті ұрпақ санасында мәңгі жаңғырып тұрсын!
Пресс-секретарь: Рамазанова А.
#абай180жыл #абай180құттықтау