Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

2026 жылғы 11-12 ақпан күндері «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ аумағында Сарқан, Ақсу және Алакөл аудандарының орман пайдаланушыларымен жанама орман пайдалану аясындағы маусымдық мал жаю мәселесі бойынша жиналыс өткізілді.
Іс-шараға ауылдық округ әкімдері, аудандық әкімдіктердің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің мамандары, сондай-ақ ветеринариялық бақылау және қадағалау мамандары қатысты. Жиналыс барысында парк қызметкерлері - табиғат пайдалану инженерлері Г. Абакумова мен Б. Нүсіпов, ғылыми қызметкер М. Кальная, инженер-эколог М. Унербекова, рекреация және туризм инженері А. Мақсұтов түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мамандар парк аумағында қысқа мерзімді маусымдық мал жаюдың құқықтық негіздерін, учаскелерді беру тәртібін, 2026 жылға арналған орман пайдалану төлемақысын енгізу тәртібін, санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарын, сондай-ақ орман пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін және орман билетін алу тәртібін жан-жақты түсіндірді.
Жиналыс қорытындысы бойынша жанама орман пайдалану барысында табиғат қорғау заңнамасының белгіленген нормалары мен талаптарын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.

«Табиғи қорық қорын қорғау және қалпына келтіру» бөлімі.