Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Алдағы Орманшылар күні қарсаңында мақаламызға арқау болған Ткачев Николай Ильич.
 Ардагеріміз «Жоңғар-Алатауы МҰТП» Табиғи қорық қорын қорғау және қалпына келтіру бөлімінің инженер-лесопатолог қызметін атқарады. Осы қызметте 44 жыл жұмыс істейді.

 Ткачев Николай Ильич – 1960 жылы Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласында дүниеге келді.
1977-1982 жж. – Лениногорск қаласында орман техникумында білім алды.
1982 ж. – Сарқан орман шаруашылығы мекемесіне орманшы қызметіне қабылданып, 1984-1995 жж. – орман шебері, 1995 ж. аға аңшылықтанушы, 2007-2010 жж. – орман шаруашылығы инженері қызметін атқарды.
2010 ж. - «Жоңғар-Алатауы МҰТП» Сарқан филиалына табиғат пайдалану инженері, 2012-2014 жж. – Сарқан филиалының директорының орынбасары, 2014 ж. Табиғи қорық қорын қорғау және қалпына келтіру бөлімінің басшысы, 2018 ж. – инженер-лесопатолог, 2020-2024 жж. – орман шаруашылығы бас инженері, 2025 ж. – инженер-лесопатолог.
2019 ж. – II-дәрежелі «Қазақстан орман қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен, 2015 ж. «Ерекше тәуекел бөлімшесінің ардагері» арнайы төсбелгісімен, 2016 ж. «Семей ядролық полигоны жабылуының 25-жылдығына» арналған төсбелгісімен, 2025 ж. «Орман шаруашылығының ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

 Жетісу өңірінде жүріп сымбатына тіл жетпейтін орман тоғайдағы әр талды сәбидей мәпелеп өсіріп, аң-құсын аялап, қорғап отырған орманшылардың еңбегін қалай мадақтасақ та артық емес.