Орманшылар күні қарсаңында мақаламызға арқау болған Кусаинов Талгат Умралиевич.
Қызметкеріміз «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ-нің Сарқан филиалының директоры болып қызметін атқарады. Мінезі ашық, жарқын, адамды бірден өзіне тарта алатын, мықты маман. Қызметкеріміздің орман шаруашылығындағы еңбек өтілі – 37 жыл.
Талгат Умралиевич – Жетісу облысы Сарқан ауданында 1968 жылы дүниеге келді.
1985-1990 жж - Лениногорск техникумының «орманшы техник» мамандығы,
2001-2004 жж – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Орман саябақ шаруашылығы инженері» мамандығы бойынша білім алды.
1990 жылы Сарқан өндірістік орман шаруашылығы кəсіпорнында жұмысшы, 1990-1991 жж - ағаш кесу шебері, 1991-1992 жж - орман шебері, 1992-1993 жж - ағаш құлатушы, 1993-1995 жж - Тополевка орманшылығының орман көмекшісі, 1995-2010 жж - Тополевка орманшылығының орманшысы қызметін атқарды.
2010-2017 жж - Сарқан филиалының директоры, 2017-2022 жж - «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ-нің бас директорының орынбасары. 2022 жылдан – Сарқан филиалының директоры.
2023 жылы Сарқан аудандық мəжіліс депутаты.
2008 жылы ҚР «Үшарал шекара отрядында үздік қызмет үшін» төсбелгісімен, 2016 жылы «ҚР тəуелсіздігіне орай», ҚР Президентінің төсбелгісі, «Ұлы Отан Соғысының 75 жылдығына орай» төсбелгісімен, 2024 жылы «Қазақстан орманың қорғауындағы мінсіз қызмет үшін» ҚР Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі комитетінің I дəрежелі төсбелгісімен, 2024 жылы «Бүкілəлемдік қоршаған ортаны қорғау күні аясында, экология саласының дамуы мен қосқан үлесі үшін» Құрмет грамотасы, 2025 жылы «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ-нің 15 жыл толуына орай, ҚР Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі комитеті төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
#менорманшымын #ялесник