Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Орман алқаптарын қорғау мен оны өсіру, күтіп-баптау қызметі оңай емес. Бұл жұмыстарды орманшылардың абыройымен атқарып жүргенін атап өткен жөн.

 Вишняков Мнир Ганиевич «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ Сарқан орман тұқымбағының басшысы лауазымында қызмет атқарады.
Кейіпкеріміз орман шаруашылығындағы еңбек өтілі - 43 жыл.
1982-1985 жж – Лениногорск орман техникумы «Орман шаруашылығы» мамандығы, 2008-2011 жж – Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті, «Орман шаруашылық ісі» мамандығы бойынша білім алды.

 Мнир Ганиевич өзінің еңбек жолын 1982 жылы Сарқан механизацияланған жеміс-жидек орман шаруашылығы цехының жұмысшы қызметінен бастаған.
1985-1991 жж – орман шаруашылығы технигі, 1991-1992 жж – Сарқан өндірістік орман шаруашылығы кәсіпорнында орманшының көмекшісі, 1992-2010 жж – Сарқан өндірістік орман шаруашылығы кәсіпорнында орманшы қызметін атқарды.
2010-2016 жж - «Жоңғар-Алатауы МҰТП» Сарқан филиалының табиғатты қорғау инженері, 2016 жылдан - «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ Сарқан орман тұқымбағының басшысы қызметін атқаруда.

 2019 ж. «Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің III дәрежелі төсбелгісі, 2023 ж. «Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің I дәрежелі төсбелгісімен марапатталды.

#орманшыларкүні #менорманышымын