«Мыстан сыпыртқысы» (Ведьмина метла) - аномальді морфогенезді ағаш ұшарбасының фрагменттері (бұтақтанудың локальді жүйесі). Олардың пайда болу себебі көбінесе жыныссыз, әдетте ұйқыдағы бүршіктерден көптеген жіңішке өркендер пайда болатын соматикалық мутация және әртүрлі потологиялар болып табылады. Қалың бұтақтану әдетте шар немесе пішінсіз пішінді қалың жиынтық түзетін, шала дамыған жапырақты көптеген қысқарған бұтақтардың пайда болуына әкеліп соғады. «Мыстан сыпыртқысы» бар ағаш химера болып табылады.
Заманауй деректерге сай өсімдік ерекше бактериялар тобымен зақымданады. Фитоплазманы тасымалдаушы бунақденелілер болып табылады. Олардың әсерінен өсімдік ағзасына түскен бактериялар оның қалыпты дамуына кедергі келтіреді, нәтижесінде олар гүлдің орнына тек рудиментті жапырақтар ғана түзе алады. Инфекциялы өсімдік тек бактерия көбейту қызметін ғана атқарады.
Бұл құбылыс барлық ағаштарда кездеседі. Дегенмен оның табиғаты әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Орман фитопотология оқулықтарының классикалық көзқарасы бойынша «Мыстан сыпыртқысы» потологиялық текті және алуантүрлі тат саңырауқұлақтарынан пайда болады.
Осындай әсерге ұшыраған Шренк шыршасынан «Мыстан сыпыртқысы» далалық іс сапар барысында Сарқан өзені жағалауынан теңіз деңгейінен 1354 м биіктікте кездестірілді.
Fungi.su сайтына сүйенсек бұл құбылыс, әсіресе Шренк шыршасында Қазақстан аумағында 12 дана ғана кездестірілген екен.
?Ғылым бөлімі