25-29 тамыз аралығында Visit Zhetysu @visitzhetysu туристік ақпараттық орталығы @natgeoqaz және @officialtoyotakz орталығымен бірлесіп, жергілікті флора мен фаунаның бірегей кадрларын түсіру, әлемде одан әрі танымал ету үшін жергілікті табиғи туристік нысандардың фото және бейне мұрағатын құру мақсатында Жетісу туристік нысандарына экспедиция ұйымдастырды.
25-26 тамыз күндері экспедиция Қапал Дестинациясында өтті, онда жергілікті Жер компасы - Қалақай ғибадатханасы, Тасбас, Баянжүрек тасқа қашалған суреттері, 26-27 тамыз күндері Бұрхан-Бұлақ сарқырамасы, 28-29 тамыз аралығында Жасылкөл көлі туристік нысандары тамашаланды.
Экспедицияға белгілі тревел-блогерлер, фотографтар, видеографтар қатысты.