Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 2025 жылдың 24 қараша айының №198-нқ бұйрығының негізінде Алакөл филиалының аумағында Жаңа жыл алдындағы кезеңінде қылқан жапырақты ағаш тұқымдарының жас талдарын қорғауды күшейту мақсатында орман қорғау шаралары басталды.
1–31 желтоқсан аралығында орман шаруашылығы қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының қатысуымен жедел топтар құрылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
 Филиал аумағындағы бақылау-өткізу пунктерінде бақылау күшейтіліп, қылқан жапырақты жас талдарды заңсыз кесудің алдын алу бойынша кезекшілік қойылды.
 Жасанды шыршалардың заңды саудасы мен тасымалы тексеріледі.
Халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң бұзушылықтар туралы ақпарат тұрақты жариялануда.

Орман қорын сақтау – маңызды міндет!
Заңсыз кесудің кез келген түрі жауапкершілікке әкелетінін ескертеміз!

Алакөл филиалы