Жаңа жыл қарсаңында қылқанжапырақты ормандарды қорғау мақсатында 2025 жылғы 24 қарашадағы №198 н/қ «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ бас директорының бұйрығына сәйкес Лепсі филиалының аумағында қылқанжапырақты ормандарды қорғау бойынша бірқатар қорғау шаралары күшейтілуде.
Осы мақсатта бекітілген өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлескен мобильді топтар құрылып, бақылау-өткізу бекетінде және қылқанжапырақты ормандар өсетін орындарда кезекшілік ұйымдастырылды.
Жергілікті тұрғындар мен келушілер арасында қылқанжапырақты ағаштарды сақтаудың маңыздылығы, сондай-ақ ағаштарды заңсыз кескені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы сұхбаттар мен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Лепсі филиалы