Көкжар орманшылығында орман патологиялық тексеру жұмыстары
“Табиғи қорық қорын қорғау және қалпына келтіру” бөлімінің мамандары Алакөл филиалының Көкжар орманшылығы аумағында жоспарлы орман патологиялық тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында желқұлатпа мен дауылқұлатпа салдарынан зақымданған, сондай-ақ дің шірігіне шалдыққан ағаштар анықталды. Мұндай ағаштар орманның сау екпелеріне қауіп төндіріп, аурулар мен зиянкестердің таралуына ықпал етуі мүмкін.
Алдағы уақытта бұл аумақта төмендегідей санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіледі:
Ауырған және зақымданған ағаштарды кесу;
Аймақты сүрек қоқыстан тазарту;
Аурулар мен зиянкестердің одан әрі таралуын болдырмау шаралары.
Аталған жұмыстардың мақсаты — орман экожүйелерінің денсаулығын сақтау, орманның қолайсыз факторларға төзімділігін қамтамасыз ету және арттыру.
Мұндай шараларды жүйелі түрде өткізу, экологиялық тепе-теңдікті сақтауда, биоалуантүрлілікті арттыруда және орман қорының тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызы зор.
Орман денсаулығы — өңірдің экологиялық қауіпсіздігінің кепілі!
Табиғи қорық қорын қалпына келтіру және қорғау бөлімі