Орман шаруашылығы саласының қызметкерлері күні
17 қазан күні Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мәжіліс залында Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында табиғатты қорғау саласында адал еңбек етіп жүрген қызметкерлердің еңбегі ерекше аталып өтіп, орманды қалпына келтіру және орман өсіру инженері Абдильдаев Қанатжан Мухаметжанович, экологиялық ағарту инженері Бекбосынова Назила Ерсериковна, рекреация және туризм инженері Сулейменова Меруерт Жұмағазықызы Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін III дәрежелі төсбелгілерімен, Сарқан филиалының орманшысы Тургумбаев Мақсат Сабитович, рекреация және туризм инженері Варлаков Раджив Олегович Құрмет грамотасымен, бөлім басшылары мен парк қызметкерлері алғысхаттармен марапатталды.
Мерекелік іс-шара спорттық жарыстармен жалғасып, қызметкерлер арасында түрлі ойындар мен спорттық сайыстар ұйымдастырылды.
Бұл шара ұжым мүшелерінің бірлігін арттырып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
#орманшаруашылығы #менорманшымын #сднемработниковлесногохозяйства