16-21 маусым аралығында Михаэль Зуковтың табиғатты қорғау қоры Самарқанд мемлекеттік университетінің (Өзбекстан) агробиотехнология және азық-түлік қауіпсіздігі институтымен бірлесіп “Орталық Азиядағы жерді тұрақты пайдалану және табиғатты қорғау үшін инновациялар”халықаралық пәнаралық жазғы мектебін өткізді. Жазғы мектепке қатысушылар Росток университетінің (Германия) жоғары білікті жаттықтырушыларынан геоақпараттық жүйелерді (ГАЖ) қолданбалы пайдалану және қашықтықтан зондтау бойынша қарқынды оқытудан өтті. Жазғы мектепке Жоңғар Алатау ұлттық паркінің аға ғылыми қызметкері Асем Қанапьянова қатысты. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Ғылым бөлімі