2025 жылы «Жоңғар-Алатауы МҰТП» 20 мың гектардан астам аумақта орман және жабайы жеміс алқаптарына фитосанитариялық мониторинг жүргізілді.
Негізгі аурулардың бірі 11 мың гектардан астам жабайы жеміс-жидек алқабын қамтыған саңырауқұлақ ауруы - алма таз ауруы болды. Парктің әртүрлі бөліктерінде бірнеше ошақтары тіркелді:
Мойыл ақкіс күйе көбелегі (Yponomeuta evonymella) - 60 га. алма аққіс күйе көбелегі (Yponemeuta malinellus) - кішігірім зақымданған (2 га), ошақтары төмендеді.
Еменнің үңгі егегіші (Profenusa pygmaea) - 2 га анықталды, сонымен қатар көктерек жапырағы қоңызы (Chrysomela tremulae), қараған жалған сымыры (Parthenolecanium corni) анықталды.
Аурулар мен зиянкестердің таралуын тежеу үшін парк аумағында кешенді шаралар қабылданды: бақтарды биопрепараттармен екі рет өңдеу, залалданған көктеректерді (5,6 га) санитарлық кесу, парк мамандары зиянкестердің ошақтарына мониторинг жүргізілуде.
2025 жылғы маусымның қорытындысы бойынша ұлттық парктің ормандарының санитарлық жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады. Ауру ошақтары оқшауланып, жаппай таралу қаупінің алдын алу шаралары жүргізілуде.
#ДикаяЯблоня #MalusSieversii #ФитосанитарныйМониторинг #СохранимПрироду #ЭкоКазахстан #Нацпарк #ЗелёноеБудущее #ЗащитимЛес
Ғылым бөлімі