14-16 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы Ботаника және фитоинтродукция институтында ҚР ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мамандары “PR 2026: БАҚ · ДАҒДАРЫС · ИНФЛЮЕНСЕРЛЕР · DIGITAL · AI” атты тиімді коммуникациялар бойынша тренингке қатысты. Іс-шара “GREEN SCIENCE KZ” жобасы аясында ұйымдастырылды.
Оқу бағдарламасы «БАҚ арқылы қоғаммен коммуникация», «Пресс-материалдар және журналистермен өзара әрекет», «Инфлюенсер-маркетинг», «Дағдарыстық коммуникациялар» және «PR-қызметінде AI құралдарды пайдалану» атты тақырыптарға арналды.
Аталған тренингке Жоңғар-Алатауы МҰТП қызметкерлері Рамазанова А., Шатырбаева А. қатысып, тәжірибе алмасты.