Ұлттық парктің аумағында 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Жаңа жыл алдындағы кезеңде заңсыз шырша кесудің алдын алу мақсатында орман қорғау жұмыстары күшейтіліп, рейдтік шаралар жүргізілуде.
Орман – ұрпаққа аманат. Әрбір заңсыз кесілген шырша – табиғатқа келтірілген зиян. Шырша орманның көркі ғана емес, оның тынысы мен берекесі.
Құрметті азаматтар! Орманымыздың сәні болған шыршаларды аялайық. Табиғатты қорғау – өз болашағымызды қорғау!
Сарқан филиалы