«Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ аумағында мемлекеттік инспекторлар Ақсу, Алакөл және Сарқан аудандық полиция қызметкерлерімен, сондай-ақ шекара қызметінің өкілдерімен бірлесіп, заң бұзушылықтың (заңсыз аң аулау, ағаш кесу және орман заңнамасын бұзудың басқа да түрлері) алдын алу мақсатында жоспарлы рейдтік іс-шараларды күшейтілген түрде жүргізуде.