Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының рейдтік іс-шараларды күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2026 жылғы 12 ақпанда «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нің мемлекеттік инспекторлары табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен бірлесіп, браконьерлік фактілеріне және табиғатты қорғау заңнамасын өзге де бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізді.
Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.