Рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің жұмыс жоспары мен 05.08.2025 жылғы №129 бұйрығына сәйкес, рекреация және туризм инженері Е.Вихрова, инженер-эколог М.Унербекованың қатысуымен Сарқан филиалы аумағымен өтетін туристік маршруттар бойында (Аманбөктер, Тополевка, Басқан орманшылығы, Кіші Басқан, Осиновая шатқалдары, Сарқан, Киікбай, Үлкен Басқан орманшы үйлері, бақылап-өткізу бекеті) абаттандыру жұмыстарының орындалуын қадағалау, жорықтық іс-шараларды жүзеге асыру, заң бұзушылықты анықтау және санитариялық жағдайын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара өткізіліп, мемлекеттік инспекторлармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Парк аумағына келушілермен қауіпсіздік ережелерінің қатаң сақталуы мен қоқыс қалдықтарын тастамау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында үнпарақтар таратылды.
Рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімі