25-27 маусым аралығында “Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту” және “Рекреация, экологиялық ағарту және туризм” бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен ұлттық парктің Сарқан филиалының “Киікбай”, “Кіші Басқан”, “Сарқан” шатқалдарында және №15 “Ақкөл” туристік маршруты бойынша жанама орман пайдаланушылардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумаққа заңсыз кіру, туристік маршруттарды абаттандыру және санитарлық талапқа сәйкестігін тексеру мақсатында рейдтік іс-шара өткізіліп, келушілермен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 380-бабы бойынша үш құқық бұзушылық анықталып, хаттама толтырылды.