Бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 13 мамырдағы №83 н/қ санды «маралдың мүйізі өсу кезінде қасақылықтан қорғау», жанама орман пайдалаушылардың өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауын, өрт қалқандарын, мал санының дұрыстығын, орман билетіне сәйкес орналасуын анықтау және келушілерге туристік маршруттардағы қауіпсіздік – техникалық ережелерін түсіндіру, жеке тұлғалардың парк аумағына кіру үшін арнайы рұқсаты бар-жоғын тексеру мақсатында рейдтік іс-шара жүргізілді.
Іс-шараға «Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту» бөлімінің аңшылықтанушысы М.Байтуғанов,табиғатты қорғау және қалпына келтіру бөлімінің орман қорғау инженері Р. Нурғожанов, рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің туризм және рекреация инженері Ә.Мақсутов, Сарқан ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Ә.Қабдешов жүргізді.