23 мамыр күні «Парктер шеруі-2025», "Таза Қазақстан" акциялары аясында Лепсі филиалының қызметкерлері, Лепсі орта мектебінің 5-сынып оқушыларына өрт қауіпсіздігі бойынша экскурсия өткізді. Орман өрт сөндіру станциясының басшысы Аллаяров Р.А өрт сөндіру техникасын сақтау бөлмесін көрсетіп, оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ақпарат берді.
Лепсі филиалы