Сұр шіл (лат. Perdix perdix) – шіл тұқымдасының кең тараған түрі.
Денесі дөңгеленген, жалпы ұзындығы 28-32 см. Арқасы көкшіл сұр, қанатының жамылғы қауырсындары көкшіл теңбілді.
Тұмсығы мен аяқтары қара түсті. Жүнінің үстіңгі жағы дақты, қоңыр, бүйірлері мен құйрығы қызыл.
Ұлттық парктің бұталы және орманды, шөпті далаларда, жазықтар мен өзен аңғарларында, тау етектерінде тіршілік етеді.
Әртүрлі тұқымдармен, кейде жәндіктермен қоректенеді. Ұялары оңаша жерлерде, астарлы ойықтар түрінде жерге орналастырылған.
Н. Муханов
Ғылым бөлімі