«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұлттық парктің қызметкерлері М. Аубакиров атындағы орта мектебінің 5-8 сынып оқушыларына «Қоқысты сұрыптаудың маңыздылығы» атты сабақты топтық сайыс ретінде өткізді.
Сабақ барысында табиғатпен үйлесімді өмір сүру қағидалары, қоқысты сұрыптау тақырыптары талқыланды. Оқушылар белсенділік танытып, өз идеяларымен бөлісті.
Табиғатты аялау – болашаққа жасалған ең үлкен қамқорлық!
Алакөл филиалы