Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Сарқан өзені Ақшұнақ, Қарасырық, Талдыбұлақсай салаларымен 4000-4400 м биіктікте мұздықтар мен қарлы аймақтардан басталады. Су жинау алаңы - 645 км², су жинаудың орташа биіктігі - 2490 м. Өзендегі судың орташа көп жылдық шығыны - 6,54 м³/сек құрайды. Ақсу өзенінің оң жағынан құйылатын тармағы болып табылады. Сарқан өзені Алақарлы жотасынан Қарасырық асуына жақын жерден басталып, Қарасырық пен Ақшұнақтың екі тармағының қосылуынан құралады. Ұзындығы - 100 км, және де өзеннің 60 км таудан өтеді.