"Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" аумағында 8 бауырымен жорғалаушы мекендейді.
Секіргіш кесіртке (лат. Lacerta agilis) — ашық сұр, қоңыр немесе жасыл түсті ірі кесіртке (денесінің ұзындығы 120 мм).
Күйлеу кезеңінде аталығының түсі қою жасыл түсті болады, күзде бұл түс көкжасылға айналады. Аналығы мен ұрпақтары сұр немесе қоңыр түсті болады.
Қазақстанның солтүстік бөлігінде таралған, шығыста, оңтүстік-шығыс таулары Жоңғар және Күнгей Алатауларына дейін кіреді. Орманды дала аймақтарында, орман шетінде, өзен мен көлдердің жағалауларындағы жайылымдарда кездеседі.
Баспана ретінде інді өзі қазып алады, бірақ көбінесе Кеміргіштердің інін пайдаланады. Сүйсініп суға түседі, жақсы жүзеді, судың астында 12 минут тұра алады.
✍️Ғылым бөлімі