Төтенше жағдайлар және экология және табиғи ресурстар министрлерінің бірлескен бұйрығымен бекітілген “Мемлекеттік орман күзеті, орман өрт станциясы қызметкерлерін және табиғат қорғау және орман мекемелері басшыларын оқытуды ұйымдастыру және өту қағидаларына” сәйкес 19-23 қаңтар аралығында Алматы қаласында ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының оқу орталығында оқу жаттығу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - ЕҚТА қызметкерлерінің мемлекеттік орман қоры аумағында өртті сөндіру жұмыстарын тиімді басқару дағдыларын дамыту.
Аталған семинарға ұлттық парктің қызметкерлері Нургожанов Р., Байжанов А., Қуанышұлы Қ., Сатыбалдинова А., Ахметкалиев Ж., Аят А., Бахтияров Р., Филатов Н. қатысып, оқу бағдарламасын толық меңгерді.