27-29 мамыр аралығында ғылым бөлімі филиал ғылыми мамандарына арналған семинар өткізді. Семинар тақырыбы: Табиғат жылнамасының алғашқы материалдарын сапалы жинауды дұрыс ұйымдастыру. Семинар барысында Табиғат жылнамасының бөлімдері бойынша толық ақпарат берілді. Сонымен қатар мемлекеттік инспекторлардың бақылау күнделігін жүргізу кезінде туындайтын мәселелер және олардың алдын алу жұмыстары талқыланды. Семинар соңында ғылыми мамандарға әртүрлі нұсқаулықтар табысталды.
Ғылым бөлімі