Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/zhongar-alatau.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Суырлар (лат. Marmota) – кемірушілер отряды, тиінтәрізділер тұқымдасына жататын сүтқоректі.

Қазақстанның орманды даласында, шөлді жерлері мен таулы аймақтарында кездесетін 4 түрі бар: дала cуыры (Marmota bobak), сұр cуыр (Marmota baibacina), ұзынқұйрық суыр (Marmota caudata) және Мензбир суыры (Marmota menzbieri) бар. Дене тұрқы 30 – 60 см, құйрығының ұзындығы 10 – 25 см, салмағы 3 – 8 кг. Түсі қызыл қоңыр, сарғыш жирен, кейде қара қоңыр түкті шұнақ құлағы болады. Ашық алқапта тереңдігі 3 м, ін жолдары 8 м-дей, бірнеше (1 – 6) аузы бар, ін қазады. Онда топтанып тіршілік етеді. Жылына 7 айдай ұйқтайды. Шөптесін өсімдіктермен қорқоректенеді. Жылына бір рет наурыз – сәуір айларында көбейіп, 15 – 20 жыл тіршілік етеді. Түсірілген жері Суық жайлау.

Суретті түсірген: мемлекеттік инспектор Абышев Ж.