Ағымдағы жылдың 16-17 ақпан күндері Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы жылдық есепті қабылдау бойынша өткізілген аппараттық кеңесінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Жетісу облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы А.Абильханов ұлттық парк қызметкерлеріне ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 2023 жылғы 15 қыркүйектегі №493 және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі №257-Ө «Төтенше жағдайға (табиғи өртке) ден қою кезінде уәкілетті органдар мен ұйымдарды басқару және олардың өзара іс-қимылы алгоритмін бекіту туралы» бірлескен бұйрығы негізінде түсіндірме жұмыстары бойынша дәріс өткізді.
Аталған бұйрыққа сәйкес орман қоры аумағында төтенше жағдайларға (табиғи өрттерге) ден қою мақсатында қала, аудан және ауылдық округ әкімдіктерімен, сондай-ақ төтенше жағдайлар бөлімдерімен өзара іс-қимылды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.