Табиғатты қорғау – болашақты қорғау
Адамзаттың өмірі табиғатпен тікелей байланысты. Әрбір ағаш, әрбір тамшы су – біздің болашағымыздың кепілі. Сондықтан:
Қоқысты кез келген жерге тастамайық!
Су мен электр энергиясын үнемдейік!
Бір тал кесілсе, орнына бірнеше тал егіп, жасыл желекті көбейтейік!
Жануарлар мен құстардың мекенін қорғап, оларға қамқор болайық!
Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Оны қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз!