Ұлттық парктің Сарқан филиалы Басқан орманшылығы Баянбай шатқалында жайылып жүрген жабайы елік байқалды.
Жабайы елік орманды далада, тоғайларда, таулы аймақтарда кездеседі және экожүйеде өсімдіктер тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады.
Жабайы елік - өте сақ жануар; дыбысты, иісті және қозғалысты өте жақсы сезеді. Өзі жылдам әрі секіргіш: сағатына 60 км-ге дейін жүгіре алады және бір секіргенде 6–7 метрге дейін аттайды.
Рекреация және туризм инженері Шамшудинов М.