Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/zhongar-alatau.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Туристік маршрут дегеніміз – белгіленген қызмет көрсету бағдарламасы бар, белгілі бір уақытқа арналған алдын-ала жоспарланған туристердің жылжу трассасы.
«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде» 13 туристік маршрут және 2 экологиялық соқпақ жұмыс істейді. Туристік маршрутта экскурсия өткізу үшін қауіпсіздік техникалық шараларды сақтау басты қағидалардың бірі.
Экскурсия өткізген уақытта туристер келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
— таңдалған маршрутта қауіпсіздік техникасы мен тәртіпті қатаң сақтау;
— топтан алыс кетпеу және маршруттан ауытқуға тыйым салынады;
— аялдаған жерде көлік жүргізушісінің рұқсатынсыз көліктен түсуге болмайды;
— жолдың қарсы бағытына шығуға болмайды;
— аялдаған кезде қарап-көру алаңдарында белгіленген және шектелген аймақтан шықпау;
— өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау;
— жеке қауіпсіздік және санитарлық шараларын сақтау;
— экскурсия жетекшісінің барлық нұсқауларын орындау;
— маршрутта спирттік ішімдіктерді ішуге тыйым салынады;
— белгісіз өсімдіктерді, гүлдерді, шөптерді жинауға болмайды және белгісіз жидектерді тамаққа қолдануға болмайды.
Асқынған аурулары бар демалушылар денсаулық күйінің барлық өзгерістерін топ жетекшісіне хабарлап, емделуге қолданылатын дәрі-дәрмекті өзімен бірге алып жүру керектігін естен шығармаңыздар!