«Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ мен Сарқан көпсалалы колледжі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Туризм» мамандығының 2-курс студенттері ұлттық паркте өндірістік практикадан өтуде.
Болашақ мамандар экологиялық туризмді ұйымдастыру, туристік маршруттар инфрақұрылымының нысандарымен, экологиялық ағарту іс-шараларымен және парктің ғылыми қызметімен танысып, туризм және табиғатты қорғау саласында тәжірибелік дағдыларын жетілдіруде.