Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Тянь-Шань қоңыр аюы (лат. Ursus arctos isabellinus) – жыртқыштар отряды, аюлар тұқымдасына жататын тармағы. Тянь-Шань қоңыр аюы елімізде кездесетін екі аю түрінің бірі.

Қазақстанда сирек кездесетін түр ретінде «Қызыл кітапқа» ІІ санатта енгізілген. 1978 жылдан бері Қазақстанда аулауға тыйым салынған.

Тянь-Шаньдағы аюды алғаш рет 1873 жылы Н. А.Северцов сипаттаған, оған “ақ құйрықты”деген атау берген. Қазіргі уақытта бұл атау Тянь-Шань аюының синонимі ретінде қолданылады.

Қоңыр аюды сыртқы түріне қарап, басқа жыртқыш аңдардан бірден ажыратуға болады. Оның терісіндегі түгінің түсі біркелкі қоңырқай, кейде қарақошқыл - қоңыр түсті, әрі түктері қалың және ұзыншалау болып келеді.

Түгі қалың, өзі ірі, көбіне сары қоңыр немесе қызыл қоңыр түсті. Басы үлкен, мойны жуан, ал аяғы қысқа. Еркектері аналықтардан үлкенірек, салмағы 400 кг-ға дейін, ұзындығы 150-ден 230 см-ге дейін жетеді, ал кірекейінің салмағы 220 кг-ға дейін, ұзындығы 137-183 см шамасында болады. Тянь-Шань аюы қазан айында қысқы ұйқыға кетіп, наурыз-сәуір айларында оянады.

Тянь-Шань қоңыр аюын кейде сүйір тырнақты ақ аю деп те атайды. Табанының тырнағы ұзын келеді. Басқа қоңыр аюларға қарағанда ірі емес.

Оның тамақтануының негізі - өсімдік тамағы (жылдық рационда 99%). Жоңғар Алатауында аюдың қоректенуінде күзде алма ағашының жемістері, одан кейін ырғай, итмұрын, таңқурай бірінші орын алады.