Сарқан филиалының Аманбөктер орманшылығында антропогендік әсерді анықтау мақсатында “Ғылым” бөлімінің қызметкерлері тәжірибелік мониторингтік алаңдарда зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Аталған алаңдар жайылымдық жерде орналасқан.
Зерттеу барысында төмендегілер анықталды:
• өсімдіктердің түрлік құрамы;
• топырақтың өсімдікпен жабылу деңгейі;
• өсімдіктердің орташа биіктігі;
• төсеніш қабатының (опад) болуы;
• эрозиялық үдерістердің байқалуы;
• топырақтың тастылығы;
• жайылымдық жерлердің өнімділігі.
Ғылым бөлімі