"Жоңғар Алатауы МҰТП аумағында кездесетін жәндіктерді түгендеу" тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері
Ұлттық парк аумағында кездесетін омыртқасыздардың таксономиялық тізімі жәндіктердің 33 түрімен толықтырылды. Омыртқасыздардың жалпы тізімі 2 типке, 3 классқа, 15 жасаққа, 95 тұқымдасқа жататын 755 түрі анықталды. Оның ішінде 7 түрі сирек кездеседі және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. 16 түрі - ұлттық парктің эндемиктары. 2024 жылы Жоңғар-Алатауы МҰТП аумағында жәндіктердің 8 жасаққа 43 тұқымдасқа жататын 82 түрі анықталды: Тікқанаттылар жасағынан (Orthoptera) 2 тұқымдас 2 түр, Тенқанаттылар (Homoptera) 2 тұқымдас 6 түр, Жартылай қатты қанаттылар (Heteroptera) 14 тұқымдас 23 түр, Қабыршаққанаттылар жасағынан немесе көбелектер (Lepidoptera) 8 тұқымдас 20 түр, Торқанаттылар жасағынан (Neuroptera) 1 тұқымдас 1 түр, Жарғаққанаттылар жасағынан (Hymenoptera) 2 тұқымдас 3 түр, Қатты қанаттылар жасағынан немесе қоңыздар (Coleoptera) 17 тұқымдас 26 түр, Қос қанаттылар жасағынан (Diptera) 4 тұқымдас, 7 түр (1-диаграмма) келтірілген.