Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/zhongar-alatau.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Жұптұяқтылар денесінің ұзындығы 52 см-ден 500 см-ге дейін, денесінің шоқтығына дейінгі биіктігі 25 см-ден 350 см-ге дейін, салмағы 2–3 кг-нан 2.5 т-ға дейін жетеді. Жұптұяқтылар шөпқоректі, таулы аймақтардың ашық және орманды кеңістіктерін және жазықты жерлерді мекендейді. Жылдам жүгіруге бейімделгендіктен көпшілік түрлерінің сирақтары өте ұзын, кейбіреулері жартастарда жақсы жүреді, бұғана сүйегі болмайды. Көп түрлерде аталығы мен аналығында маңдай сүйегінде мүйіздері болады. Көбіне үлкен табын құрып немесе бірнеше топтанып, сирек жалғыз тіршілік етеді.
“Жоңғар -Алатауы МҰТП”аумағында жұптұяқтылар отрядының бірнеше түрі мекен етеді. Олар: сібір таутекесі, сібір елігі, марал, жабайы шошқа, тянь шань арқары. Бұл түрлер индикаторлық түрлер болғандықтан жыл сайын олардың санына және маусымдық құбылыстарына бақылау жүргізіліп келеді.

Ғылым бөлімі