Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Жабайы жануарлардың қыс мезгіліндегі тіршілігінің ерекшеліктері

Қыс мезгілі – жабайы жануарлар үшін ең қиын кезеңдердің бірі. Суық, қардың қалың түсуі және қоректің азаюы олардың өмір сүруіне үлкен әсер етеді. Осы кезеңде жануарлар табиғи ортаға бейімделудің түрлі жолдарын қолданады.

Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігінің ерекшеліктері: маусымдық көшу; жүннің қалыңдауы; қысқы ұйқы; топтасып өмір сүру; қорек көзінің өзгеруі.

Парк аумағында мекендейтін марал, арқар, таутеке – қыс мезгілінде қар аз түсетін оңтүстік беткейлерге көшеді. Елік – орманды, бұталы аймақтарды паналап, ағаш қабығы мен бұтақтарымен қоректенеді. Қар барысы – қыста белсенді күйде қалып, қорегін (елік, таутеке) биік таулы аймақтарда аулайды.

Жабайы жануарлардың қыс мезгіліндегі тіршілігі – олардың табиғаттың қатал жағдайына бейімделуінің айқын көрінісі. Бұл ерекшеліктер олардың тірі қалуына және түр ретінде сақталуына мүмкіндік береді.