19 тамыз күні Халықаралық жастар күніне орай “JET FIOW” жобасы аясында “Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі” аумағының “Кіші Басқан” шатқалында «Zhailau FEST» фестивалі өткізілді. Осы іс-шара жастардың белсенді демалыстарын, шығармашылығын, спорттық және экологиялық бастамаларын қолдайтын маңызды мәдени-экологиялық шара. Аталған іс-шарада көрмелер, шеберлік сабақтар, шығармашылық және спорттық іс-шаралар өткізілді. Бұл жастар үшін Жетісудың бірегей табиғатымен жақынырақ танысуға, оның құндылығы мен сақталуының маңыздылығын сезінуге тамаша мүмкіндік. Фестиваль аясында парк қызметкерлері №4 «Шумский мұздығы» бағыты бойында «Таза Қазақстан» атты экологиялық сенбілік ұйымдастырып, маршрут бойы қоқыстан тазартылып, 0,02 тн тұрмыстық қоқыс қалдықтары шығарылды. Акция табиғи аумақты тазартуға ықпал етіп қана қоймай, жастарға қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын және туған табиғатына жанашыр болуды тәрбиелеу.
Рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімі